$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте екі рет сотталған ер адам базар күзетшісін өлтірді

Ол бұл қылмысты пробациялық бақылау кезінде жасаған

Шымкентте екі рет сотталған ер адам базар күзетшісін өлтірді
Фото: istockphoto.com

Шымкенттегі базарлардың бірінде бұрын екі рет сотталған ер адам күзетшіні өлімші етіп сабап, оның қазасына себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Тергеу барысында пробациялық бақылаудағы азаматтың әрекеттері тиісті қадағалаусыз қалғаны анықталды. Инспектор өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Сотталушы мас күйінде Тамерлановское тас жолындағы базардың күзетшісіне келіп, телефон нөмірін беруін сұраған. Бас тартқаннан кейін оған шабуыл жасап, дене жарақатын келтіріп, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан», – деді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрайымы Айнель Орақбаева.

Соттың үкімімен айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары