Қазақстандық миллионер балаларына төлейтін алимент мөлшерін азайтпақ болған
Сот оның өтінішін қанағаттандырмады

Ұлытау облыстық соты балаларын асырау үшін төлейтін алимент мөлшерін азайтқысы келген ер адамның талабын қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін сот шешімі бойынша ол екі балаға табысының үштен бір бөлігін, тағы бір балаға төрттен бір бөлігін төлеуге міндеттелген. Жалпы, алимент оның табысының 58 пайызына тең.
Ер адам қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, алиментті 50 пайызға дейін азайтуды сұраған. Алайда сот оның тұрақты табысы бар екенін анықтады.
«Зерттелген дәлелдемелерге сәйкес талапкердің тұрақты табысы бар, оның орташа айлық жалақысы 1 000 000 теңгеден асады, материалдық жағдайының нашарлағаны дәлелденбеді», – деп хабарлады сот.
Сот балалардың мүддесін ескере отырып, алимент мөлшерін өзгертуден бас тартты. Әзірге шешім заңды күшіне енген жоқ.