19.03.2025, 22:45
Жаңалықтар
«Осылай күнде ұрады»: Алматыда зейнеткер инсульт алған әйелін қинап, жаттығу жасатқан (ВИДЕО)
Куәгерлер оқиғаны видоеға түсіріп алған
Фото: видеодан кадр
«Мой Алматы» Telegram-арнасында жарияланған видеода зейнеткердің жасы келген әжейді жұлқылап, жаттығу жасатып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Алматы қаласында «Әділет» тұрғын үйінің ауласында болған. Видео авторы ер адамның бұлай ұрып-соғуы бірінші рет емес екенін айтады.
«Осылай күнде ұрады. Істегісі келмесе, қинап несі бар?!», – дейді авторы.
Алматы полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Осы оқиғаға қатысты «102» басқару пультіне хабарлама, қоңырау түскен жоқ. Дегенмен қазір Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген полиция жауабында.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды