Бүгін Президент Қасымжомарт Тоқаев халық жазушысы Ә.К.Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Қаулыға қол қойды деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Президентінің баспасөзіне сілтеме жасап.
«Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін»,-деп жазылған Қаулыда.
Еске сала кетсек, 22 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.