Ұрлықты прокурорлар мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері анықтады
Ақмола облысы Жақсы ауданының білім бөлімі бюджеттің ондаған миллион теңгесін талан-таражға салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудандық білім бөліміндегі ұрлықты прокурорлар мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері анықтады. Тергеу мәліметінше, қызметкерлерге жалған сыйақы беру арқылы мемлекет қазынасынан 22 миллион теңге орынсыз жұмсалған.
Сотқа дейінгі тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына тапсырылды.