19.03.2025, 04:05
Жаңалықтар
«Шымбұлақтағы» жағдайдан кейін Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды
Тұрғындарға тауға шығуға тыйым салынды
Фото: istockphoto.com
Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«18-20 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар еріп, тұрақсыз қар жамылғысы мен оның биіктігіне байланысты көшкін жүру қаупі жоғары», – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Медеу және Аюсай бөгеттерінің үстінде тұрғындар мен көліктердің қозғалысын шектеу үшін бақылау бекеттері қойылды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» басқармасы қала тұрғындарына, туристер мен қонақтарға таулы аймақтарға бармауды қатаң ескертеді.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді