Қазақстан түрмелерінде 35 мың адам жазасын өтеп жатыр
Қазақстандағы түрмелерде 30 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Оларға күнделікті белгілі бір мөлшерде қаржы жұмсалады. Оған тамақ, төсек-орын және басқа да шығындар кіреді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде бір сотталған, күдікті және айыпталушы үшін қанша қаражат жұмсалатыны туралы айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда түрмелер мен тергеу изоляторларында шамамен 35 мың сотталған адам және тергеу изоляторында қамауда отырған 4,5 мың адам бар.
Ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, бүгінде бір сотталған, күдікті немесе айыпталушының орташа тәуліктік шығыны 2900 теңгені құрайды. Бұл сомаға мыналар кіреді:
Сонымен есептеп көрсек, бір адамға бір жылға 1 058 500 теңге жұмсалады. Ал 35 мың адамға бір жылға бас-аяғы 37 млрд 47 млн 500 мың теңге жұмсалады.
Сотталған адамды ұстауға кететін шығындар қамауда ұстау режиміне қарамастан, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелері үшін бірдей.
Айта кету керек, Қазақстанда 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар: қауіпсіздіктің ең төменгі мекемелері, орташа қауіпсіздік мекемелері, кәмелетке толмағандар үшін орташа қауіпсіздік мекемелері, барынша қауіпсіздік мекемелері, төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелер, толық қауіпсіздік мекемелері және аралас қауіпсіздік мекемелері.