Ақтөбеде заңсыз ет сатумен айналысқан цех табылды

Автор: Асыл Арман

Ал Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде ет өнімдерін өңдеу және заңсыз сатумен айналысқан цех анықталды. Аталған цехта етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып өңдеу және сату жүзеге асырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

​Цехта полиция қызметкерлері бөлінген ет пакеттерін, бірнеше пакет тартылған етті, тұтас ұшаны және ірі қара мал бастарын, ет қалдықтарын және етті кесуге және ұсақтауға арналған жабдықтарды тапты.

​«Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығында қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, жануардың іш бөліктері тәркіленді.

​Барлық факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.