$ 496.41  542.77  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Балаңыз енді көзін ашпайды»: алаяқтар аналарды баласы өлді деп қорқытуға кіріскен (ВИДЕО)

Желіде балабақша тәрбиешілері атынан сөйлеген алаяқтар жайлы хабар тарады

«Балаңыз енді көзін ашпайды»: алаяқтар аналарды баласы өлді деп қорқытуға кіріскен (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Төрт баланың анасы, Мира есімді блогер өз жағдайын әлеуметтік желіде жариялап, тәрбиеші жазған хаттарды көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әдеттегі күндердің бірінде баласын балабақшадан ертерек алып кетпек болған Мира тәрбиешіге өтінішін білдіріп жазған. «Ұйқыдан тұрғаннан кейін алып кетемін» деген. Сол сәтте тәрбиешіден адам шошырлық жауап келеді:

«Салим енді қайтып оянбайды. Оны Милана терезеден итеріп жіберді», – делінген хатта.

Үрейленген анасы бірден балабақша басшылығына, ортақ чатқа жазып, оқиғаның мән-жайын көп ұзамай білген. Сөйтсе жантүршігерлік жауап алған жалғыз ол емес екен. 

«Ең бастысы – топта, расымен, Милана есімді қыз бар. Оның есімін қайдан білді десек, алаяқтың менен бұрын оның анасымен хат алмасқаны белгілі болды. Ол да баласын ертерек алып кетпек болып, тәрбиешіге жазған, қызының есімін де көрсеткен. Қыздың анасына бала терезеден секіріп кетті деген», – деп түсіндірді блогер.

Балабақша басшылығы көп ұзамай тәрбиешінің нөмірін бәз біреулер иемденіп, жалған ақпарат таратқандарын мәлімдеді. Кейін алаяқтардың айласынан зардап шеккен ата-аналар көп екені анықталды. Блогер оған біраз ана ұқсас жағдайға тап болғанын айтып, жазғандарын жеткізді. Әзірге қаскөйлердің нені мақсат еткендері белгісіз, өйткені ешкімге материалдық залал келтірілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары