Бұл жағдай заңнамалық олқылықтардың салдарынан болған
Шымкент қаласында Қошқарата өзені маңында 2300-ден астам нысан су қорғау аймағында заңсыз салынған. Бұл жағдай заңнамалық олқылықтардың салдарынан болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселенің негізгі себебі – Қошқарата өзенінің бірыңғай жылжымайтын мүлік кадастрына енбеуі және ресми су қорғау шекараларының белгіленбеуі. Осыған байланысты су аймағынан 30 метрге дейінгі аумақта құрылыс жүргізуге заңсыз рұқсат берілген.
«Шымкентте су қорғау аумақтарында 2300-ден астам нысан орналасқан. Соңғы алты жыл бойы ресми белгіленген су қорғау аймақтары болмағандықтан, бұл жерлерде заңсыз құрылысқа жол берілді. Сонымен қатар Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен құрылыс жұмыстары келісілмеген», – деп түсіндірді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жандос Бекасанов.
Өткен жылы Шымкент әкімдігі су қорғау аймағын анықтайтын жаңа қаулы қабылдады. Енді:
Бұл аумақта кез келген құрылыс, қайта жаңарту немесе кеңейту жұмыстарына тыйым салынды. Бұрын салынған ғимараттар бұзылмайды, бірақ олардың иелері жаңа шектеулерді сақтауы тиіс.
«Енді тіпті қоршауды өзгерту немесе жер телімінің шекарасын кеңейту мүмкін емес. Тексерулер тұрғындардан шағым түскен жағдайда немесе мемлекеттік қажеттіліктер үшін жүргізіледі», – дейді Архитектура, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Лариса Смирнова.