$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бала күтуші жұмыс берушіден 1 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған

Гауһар тасты алтын сақина мен алтын алқаны ол ломбардқа өткізіп жіберген

Астанада бала күтуші жұмыс берушіден 1 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған
Фото: © istockphoto.com

Астанада бала күтуші жұмыс берушілерінің үйінен 1 миллион теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмыс берушілер демалысқа кеткен кезде 42 жастағы күтуші үйде қалған зергерлік бұйымдарды ұрлап, оларды ломбардқа өткізіп жіберген. Үй иесі бағалы заттарының жоғалғанын демалыстан оралған соң бірден байқаған және полицияға хабарласқан», — делінген хабарламада.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел-іздестіру шаралары барысында анықтап, ұстады. Ұрланған заттар: гауһар тасты алтын сақина, алтын алқа, гауһар таспен әшекейленген жиынтық. Күдікті өз кінәсін мойындап, бағалы заттарды иелерінің жоқтығын пайдаланып ұрлағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары