$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2024 жылы елімізде 40 мыңнан астам жұп ажырасқан

Бір жылда тіркелген 123 мыңнан астам некенің 20 пайызы өзге ұлт өкілімен бас қосқан

2024 жылы елімізде 40 мыңнан астам жұп ажырасқан
Фото: © istockphoto.com

2024 жылы Қазақстанда 123 мыңнан астам неке тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып.

Елімізде некеге тұру деңгейі бойынша Астана көш бастап тұр – елордада 1000 адамға шаққанда 7,34 неке тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (6,98) және Ұлытау облысы (6,70) орналасқан. Ал ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркеліп, 5,58-ді құрады.

Алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі ерлер арасында 78%-ды, әйелдер арасында 79,1%-ды құрады. Ал ажырасқаннан кейін қайта отбасын құрғандар ерлер арасында – 20,8%, әйелдер арасында – 19,4%. Барлық неке тіркелген орындарға тоқталсақ, 82,1 мың (66,4%) неке қалада, ал 41,5 мың (33,6%) неке ауылдық жерлерде қиылған.

Орташа неке жасы:

  • Ерлер – 27,9 жас
  • Әйелдер – 25,2 жас

Ең көп неке жаз айларында қиылған:

  • Маусым – 11 675 неке
  • Шілде – 13 739 неке
  • Тамыз – 12 936 неке

Қазақстандықтардың 81,8%-ы бір ұлт өкілдерімен некеге тұрса, 18,2%-ы өзге ұлт өкілімен бас қосты.

2024 жылы елімізде 40,5 мың ажырасу тіркелді. Оның 74,4%-ы (30,1 мың) қалада, ал 25,6%-ы (10,4 мың) ауылдық жерлерде болған.

Жалпы ажырасу коэффициенті – 2,01 (1000 адамға шаққанда).

Ең көп ажырасу тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 3,12
  • Қарағанды облысы – 3,11
  • Павлодар облысы – 3,09

Ең аз ажырасу Түркістан облысында – 0,90.

Некелердің тұрақтылығына келсек, ажырасулардың 35%-ы 1-4 жыл бірге тұрған жұптарарасында болған. 25%-ы 5-9 жылдық некелер, ал 8%-ы бір жылға да жетпеген отбасылар.

Бұл мәліметтер қазақстандықтардың отбасын құру үрдістері мен ажырасу деңгейі туралы маңызды деректерді көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары