«Онымен араласқым келмейді, ол сәбиі қыз болғанын қалаған жоқ»: блогер әкесіне өкпесін айтты (ВИДЕО)
Ол анасымен ажырасып кеткеннен кейін әкесі өзімен араласпай кеткенін айтты

Атышулы блогер Гули Махметова әкесіне деген өкпесін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында әкесі жайлы ойын айтты.
«Әкем менімен не себепті араласқысы келмейтіні ойландыратын. Сөйтсем, ол өмірге келетін сәбиі қыз болғанын қаламаған екен. Оны кейінірек барып білдім. Анамның өз аузынан естідім», - дейді блогер.
Ол сөзін жалғай отырып, ағасы өмірге келгеннен кейін анасы екінші рет жүкті болып, ішіне біткенде, сәбиі қыз болатынын білгенін, бірақ қаламағанын айтты.
Әкесі мен анасы ажырасып кеткеннен кейін ешқандай қолдау көрмегенін де қозғап өтті.
«Жоқ. Қалаған нәрсемді ағам алып беретін. Мен ол кісімен араласқым келмейді», - дейді Гули Махметова.