$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кикбоксингтен әлем кубогының жүлдегері Астанада қара жұмыс істеп, күнін көріп жүр

Ол – кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

Кикбоксингтен әлем кубогының жүлдегері Астанада қара жұмыс істеп, күнін көріп жүр
Фото: Астана әкімдігі

«Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері Бейбарыс Сауханбек кикбоксингтен әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Италияда кикбоксингтен әлем кубогы аяқталып, онда астаналық Бейбарыс Сауханбек қола жүлдегер атанды. Елорда әкімдігінің мәліметінше, спортшы «Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істейді.

Наурыз айының басында Италияның Лидо ди Езоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы өтті. Оған 46 елден 429 спортшы қатысты. Бейбарыс Сауханбек әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Астананың қазіргі көшедегі тазалап жатқан машиналарды жөндеу біздің қызметімізде. Әрине бұл жерде шаршайтын, қиналатын ешқандай жұмыс жоқ. Жұмыста қарапайыммын. Шетелге шықсам өзімнің рухымды көтеріп, қазақтың туын көкке желбіреткеніме өте қуанамын», - дейді спортшы «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.

Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері елордалық спортшы «Астана Тазалық» кәсіпорнында жұмыс істейді. Ол өзінің 14 жылдық спорттық карьерасында төрт рет Қазақстан чемпионы атанған, сол сияқты Үндістанда өткен Анапа қаласында өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанса, әлем чемпионаттары мен әлем кубоктарында үш рет қола жүлдегер атанды. Ал былтыр Үндістан ашық чемпионатында топ жарды.

Бейбарыстың ағасы Жансерік те «Астана Тазалық» мекемесінде жұмыс істейді. Ол да жастайынан еркін күреспен айналысып, түрлі республикалық жарыстарда жүлдегер атанған.

Серіктес жаңалықтары