Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

«ҚазАвтоЖол» осыған байланысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 14 наурыз күні ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақмола облысы:

  • «Астана – Петропавл» автожолының 18-234 шақырым аралығы (Астана – Щучинск). Жүк көліктері үшін.

Абай облысы:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау а. – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы). Барлық көлік түрлері үшін.

Шығыс Қазақстан облысы:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы). Барлық көлік түрлері үшін.

«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыздар, сол сияқты жаяу жүрмеңіздер.
  • Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», - делінген хабарламада.