14.03.2025, 08:22
Жаңалықтар
Оралда қаланың қақ ортасындағы гүлзардың ағаштарын кесіп, талқанын шығарды
Әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Фото: «Мой город»
Оралда қаланың қақ ортасындағы гүлзардың ағаштарын кесіп тастағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агентті «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында жерасты өткелінің жанындағы алаңда болған. Мұнда бұрын арнайы орындықтары бар шағын гүлзар болған.
Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді. Жауапты органның мәліметінше, Абай даңғылы, 53/1 мекенжайында кеңсе ғимараты салынатын көрінеді. Кәсіпкер сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып үлгерген. Сол бойынша 17 ағашты кесуге рұқсат алған. Кәсіпкер кесілген ағаштардың орнына отырғызу маусымы басталғанда 170 көшет отырғызады.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды