Жаңаөзенде көлік аударылып кетіп, екі бала көз жұмды (ВИДЕО)
Оқиға 12 наурыз күні қас қарайған уақытта болған

Жаңаөзенде тасжолда кетіп бара жатқан жеңіл көлік аударылып кетіп, екі бала көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға барысында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Әлеуметтік желіде жол апатының Жаңаөзен тас жолда болғанын хабарланды. Бастапқыда апат салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар екені хабарланған.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның 12 наурызда болғанын хабарлады. Шақырту 19:51-де түскенн.
«Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі – бала. Кәмелетке толмағандар аурухананың жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын ғана айтып, жол-көлік оқиғасы туралы толық мәлімет берген жоқ.