Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол мектептің терезесінен сығалап жүрген

Фото: istockphoto.com

Қарағандының оңтүстік-шығыс бөлігінде шалбарын төмен түсіріп алған ер адамның №81 мектептің терезесінен сығалап, қарап тұрғаны байқалды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram каналында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы ата-аналар мектеп әкімшілігіне хабарлады. Өз кезегінде мектеп әкімшілігі полиция шақыртты.

Тәртіп сақшылары келгенше қашып кеткен күдіктіні оқиға орнында ұстау мүмкін болған жоқ.

Дегенмен ер адам көшедегі бейнебақылау камералары арқылы анықталды.

44 жастағы қарағандылық жүйке-психиатриялық ауруханада есепте тұрады екен. Ол полиция бөлімшесінен мамандандырылған диспансерге жіберілді.