Ақтауда қала әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңінде өз еркімен жұмысынан кетті

Автор: Асыл Арман

Ол бұл лауазымда небәрі бір күн ғана жұмыс істеген

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңінде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімшілігі Әсет Шопановтың Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады.

«3 наурызда Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол қызметінен кетті», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.