13.03.2025, 13:58
Жаңалықтар
Қазақстанның екі облысында тасжолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан ауылы).
Қостанай облысы:
- «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді