31.05.2020, 16:25
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы ірі көшенің бірі 11 маусымға дейін ішінара жабылады
Бүгін Дінмұхамед Қонаев атындағы көшеде жөндеу жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты жүргізушілер кептеліске тап болмау үшін, көшенің жөнделетіні туралы ақпарат таратып отыр.
«Жол жиегін жөндеу үшін Қонаев көшесінің бойындағы Мәңгілік ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі участокта жолдың құрылыс жұмыстары жасалады. Сондықтан, 31 мамырдан бастап 11 маусымға дейін осы учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады», - деп хабарлайды көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Әкімдік қызметкерлері уақытша қолайсыздық үшін көлік жүргізушілерінен кешірім сұрап, кептелісті азайту мақсатында қозғалысты алдын ала жоспарлау керектігін ескертеді.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды