$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында шенеунік жарты млн теңге пара алды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Қазір осыған қатысты тергеу жүріп жатыр

Жетісу облысында шенеунік жарты млн теңге пара алды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикор мәліметінше, шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

«Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары