$ 518.81  596.27  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 70 мыңнан аса адамның тұрақты жұмысы жоқ

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 49 адам жіберілді

Қазақстанда 70 мыңнан аса адамның тұрақты жұмысы жоқ
Фото: istockphoto.com

Еңбек министрлігі Қазақстанда қанша адамның тұрақты жұмысы бар, ал қанша адамның уақытша жұмыста жүргені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 97 мың қазақстандық қатысты. 101,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 30,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.  

Субсидияланатын жұмыс орындарына 71 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 5,3 мың адам, жастар практикасында 3,2 адам, қоғамдық жұмыстарда 56,4 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 41 жұмыспен қамтылды.

«Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 18,8 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 17,6 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 3,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 49 адам жіберілді.

Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 63,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

Серіктес жаңалықтары