Жетісу облысында еріген қар суы шайып кеткен өткел қалпына келтірілді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Министрлік жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысында еріген қар суы шайып кеткен тасжолдың бір бөлігі қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-ші шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады.

«Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД-ны үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады.

Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Қазір су транзитпен өтіп жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.