$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Илон Маск Трамптың кеңесшісі болғалы бері 130 млрд долларынан айырылды – зерттеу

Әлемдегі ең бай адам саясатқа араласқалы бері дәулетінің біраз бөлігінен айырылған

Илон Маск Трамптың кеңесшісі болғалы бері 130 млрд долларынан айырылды – зерттеу
Фото: Instagram/elonrmuskk

Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі болғаннан бері активтерінің 30 пайызынан айырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ең бай адам саясатқа араласқалы бері дәулетінің біраз бөлігінен айырылған.

Басылым мәліметі бойынша, Илон Масктың байлығы жыл басынан бері 30%-ға – 433-тен 301 миллиард долларға дейін азайған.

Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Маск минутына 1,3 миллион доллар жоғалтты дегенді білдіреді!

Еуропада Tesla көлігінің сатылымы қаңтар айында өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға төмендеді.

Tesla акцияларының бағасы 404 доллардан 215 долларға түсті. Компанияның нарықтық құны 400 миллиард доллардан астамға төмендеді.

Серіктес жаңалықтары