11.03.2025, 02:01
Жаңалықтар
Теңіз кен орнында газ атқылап, екі жұмысшы ауруханаға түсті
Жұмысшылар уланып қалды
Фото: istockphoto.com
«Теңізшевройл» (ТШО) нысандарының бірінде құрамында күкіртсутегі бар газ атқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мердігер компанияның екі қызметкері уланып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды, деп жазады Zhest_kz Telegram каналы.
Төтенше жағдай 8 наурызда КТЛ-2,3 (5-ші желі) ауданындағы газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) болды. Алдын ала мәлімет бойынша, сепаратордың фланецті қосылымы арқылы газ ағып кеткен. Зардап шеккендер алдымен емханаға тексеруге жіберіліп, одан әрі емдеу үшін Атырауға жеткізілді.
Қауіпсіздік мақсатында мекеме қызметкерлері уақытша эвакуацияланды. Ақау жойылып, құрал-жабдықтар тексерілгеннен кейін қызметкерлер жұмысқа қайта оралып, зауыт жұмысын жалғастырды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті