Астанада жолға таласқан жүргізушілер көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олар осы әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады

Фото: Видеодан скрин

Астанада жолға таласып қалған жүргізушілер көшенің қақ ортасында бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі жүргізуші бір-бірінен жол бермей, көшенің ортасында төбелес шығарды. Жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер бұл көріністі түсіріп алған.

Видеожазбада жігіттердің соққылар алмасып жатқанын, ал олардың бірінің серігі ажыратпақ болғанын көруге болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар дер кезінде ұсталып, оларға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Енді оларды әкімшілік сот күтіп тұр.