Қазақстанның солтүстігі мен шығысында тасжолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына (қатты боран, көрінудің шектелуі) байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының 18 учаскесінде (Астана қаласы, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстары) және облыстық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстары) қозғалыс жабық.
Жол қызметтері тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құтқарушылар қазақстандықтарға, әсіресе жүргізушілерге ескерту жасады
«Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
- жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
- алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттауға шықпау және жаяу жүруден бас тарту», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.