11.03.2025, 00:17
Жаңалықтар
Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы Балқаш көлінің үстінен кері қайтты
Ұшақтың Алматыға оралуына техникалық қиындықтар себеп болған
Фото: Air Astana; flightradar24
Алматыдан Астанаған ұшып шыққан Air Astana ұшағы Балқаш көлінің үстінен кері қайтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CMN мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні кешкі уақытта болған. Air Astana компаниясына тиесілі ұшақ Алматыдан ұшып шыққан соң техникалық себептерге байланысты Балқашқа жеткеннен кейін кері айналып, Алматыға оралған.

Компанияның мәліметінше, техникалық себептерге байланысты оралған ұшақтың жолаушыларын резервтегі бортқа отырғызады.
Жоспар бойынша бұл ұшақ шамамен сағат 23:40-та Астанаға ұшып шығуы тиіс.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті