Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл қалаларда желсіз ауа райы, тұман болады

Фото: © istockphoto.com

10 наурызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауа сапасының нашарлауы болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл желсіз ауа райы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Олар зиянды заттардың атмосферада шоғырлануына әкеліп, ауа сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ауа сапасына байланысты ескертулерді қадағалауды және денсаулықтарын қорғау шараларын қабылдауды ұсынады.