10.03.2025, 07:12
Жаңалықтар
Жамбыл облысының тұрғынынан 2,5 млн теңге бопсалағандар ұсталды
Күдікті екі жігітті полицейлер қолға түсірді
Фото: Azattyq Rýhy
Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласының тұрғынынан 2,5 миллион теңге бопсалады деп айыпталған екі жігітті ұстады. Істің мән-жайын облыстық ПД баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің бірі ақшаны үшінші тұлғаға – Facebook әлеуметтік желісіндегі блогерге аударған.
«Ұсталғандар кінәларын мойындап, одан әрі ынтымақтастыққа келісті. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Полицейлер қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды