10.03.2025, 04:10
Жаңалықтар
Өткен ғасырда салынған көпірдің бір бөлігі опырылып құлады
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Фото: Nova24.uz
Өзбекстанның Ташкент облысында өткен ғасырдың соңында салынған көпірдің бір бөлігі опырылып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, оқиға 8 наурыз күні Янгиюль ауданының Бәйтіс ауданында болған.
Нұрафшан-Аққорған-Янгиюл тас жолының 58-ші шақырымында орналасқан көпір 1975 жылы салынған және жөндеуді қажет еткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Көпірдің бір бөлігі опырылып, қазір онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша жүргізушілерге айналма жолдарды таңдау ұсынылады.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты