Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар-Семей тасжолында Аққұла ауылынан 12 шақырым жерде екі көлік соқтығысты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corolla Spacio жүргізушісі ауруханада көз жұмды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, деп түсіндірді полиция департаменті.