09.03.2025, 23:53
Жаңалықтар
Ұлытау облысында қақаған аязда бірнеше адам айдалада адасып кетті
Оқиға Жезқазғанға 25 шақырым жерде болды
Фото: istockphoto.com
Ұлытау облысында қақаған аязда үш адам көлігі бұзылып, айдалада қалып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары 3 адамды құтқарып эвакуациялады.
Оқиға Жезқазған қаласының 25 шақырымында Талап ауылының маңында болды. Олар көлігі бұзылып, далада қалған. Жүргізуші құтқарушыладың көмегіне жүгінді.
«ТЖМ қызметкерлері Жезқазған қаласына 3 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексерудің маңыздылығын еске салады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
