Астанада ата-анасымен ұрысып қалған жасөспірім көпірден секіріп кетпек болды (ВИДЕО)
Полиция қызметкерлері оқыс жағдайдың алдын алды

Астанада «Арқар» көпірінен секіріп, суицид жасамақ болған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арқар көпірінен секірмек болған қызды өтіп бара жатқандар дер кезінде байқап қалып, патруль шақырған. Белгілі болғандай, жасөспірім ата-анасымен ұрысып қалып, осындай қадамға бармақ болған.
«Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары, полиция капитаны Дулат Ыдырысов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Әбдуалиев бақылауға алды. Жағдайды бағалаған олар бірден көліктен жүгіріп шығып, қызды тыныштандыруға тырысып, бірден диалогқа шақырған», - деп хабарлайды қалалық ПД.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.
Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.
Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.