09.03.2025, 18:54
Жаңалықтар
Абай облысында жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды
Ол 57 жаста екен
Фото: © istockphoto.com
Абай облысында жоғалып кеткен 57 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аягөз ауданының тұрғыны Нарын ауылдық округінен «Халел» шаруа қожалығы бағытында атпен жолға шығып, Шынқожа ауылына қарай бет алған. Алайда ол белгіленген жерге жетпей, байланысқа шықпай қалған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Нәтижесінде ер адам «Халел» шаруа қожалығынан 10 шақырым қашықтықтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмағаны хабарланды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді