Оқ-дәрілер жасырылған 30-дан астам орын анықталды
Қазақстанда үш күн ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған 30-дан астам орын анықталды. Оның ішінде 12 граната мен 360 қару түрі тәркіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, тәркіленген қарулардың жетеуі бұрын ұрланған заттардың қатарында болған. Олардың төртеуі Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған. Сондай-ақ, полиция азаматтардың өз еркімен тапсырған 14 қаруын қабылдады.
Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында:
ІІМ бұл рейдтердің заңсыз қару айналымының алдын алуға және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді. Құзырлы органдар қару-жарақты өз еркімен тапсыруға шақырып, заңсыз қару сақтағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.