09.03.2025, 14:56
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем кубогының кезеңінде үшінші медальға қол жеткізді
Бір спортшы қола алды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Бакуде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Идрисов финалда ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтиже көрсетіп, 14,400 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оған жарыстың қола медалін жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Жарыстың алтын жүлдесін америкалық Брэндон Дэнг (14,633 ұпай) иеленсе, күміс медаль тағы бір АҚШ спортшысы Патрик Хупсқа (14,533 ұпай) бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем кубогының кезеңінде үш жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін Миляд Кәрімі (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (брусья) күміс медаль еншілеген болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды