Шымкентте өрт сөндірілді: үй мен көлік түгелдей жанып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: ТЖМ

Шымкент қаласының Юсуф-Ата көшесінде болған ірі өрт сөндірілді. Қызыл жалын бір қабатты жеке үй мен оның жанында тұрған жеңіл автокөлікті түгелдей жойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында жалын үш сағат ішінде толық сөндірілді. Жалпы 650 шаршы метр аумақты шарпыған алапат өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер мен өртке қарсы зертхананың мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің нақты себебін анықтауға тырысып жатыр.