08.03.2025, 22:58
Жаңалықтар
СҚО-да Ұлттық ұлан қызметкері оқ атпақ болған адамның қаруын тартып алды
Ол осылайша қауіптің бетін алды
Фото: istockphoto.com
Петропавлда Ұлттық ұлан қызметкері қарулы қаскөйдің қаруын тартып алып, қауіптің бетін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға әскери қызметкер туыстарынан келе жатқанда аулада болған. Ол травматикалық тапанша көздеп тұрған мас адамды көреді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен хабарлағандай, сарбаз бірден бұзақыға тап беріп, қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолдан, полиция келгенше жас жігітті қозғалыссыз ұстаған.
Осыдан кейін тәртіп сақшысы бұзақыны дер кезінде жеткен полиция жасағына тапсырған.
«Бұл іс Петропавл қалалық ПД ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелген. Тәркіленген зат баллистикалық зерттеуге жатады. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп атап өтті СҚО ПД баспасөз қызметі
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
