08.03.2025, 17:34
Жаңалықтар
«Сен ауырғанда, мен жыладым»: қарт кісінің әйелін құттықтағаны қазақстандықтарды тебірентті (ВИДЕО)
Видео әлеуметтік желіде кең тарап жатыр
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде 8 наурыз мерекесіне арналған жүрекжарды құттықтау кең тарады. Видеода қарт кісі жұбайына гүл мен ақша ұсынып, оның денсаулығына алаңдайтынын шын көңілмен жеткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сен өткенде ауырғанда, мен жыладым», – дейді ол көзіне жас алып.
Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, қызу талқылауға себеп болды. Көпшілік мұндай шынайы сезімге тәнті болып, өз эмоцияларын жасыра алмады.
Желі қолданушылары «Мен де жылап қалдым», «Махаббатқа қалай сенбеуге болады?», «Ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілейміз!» деп жазып жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті