Тарауық намазынан кейін үйге тегін жетіп алуға болады
Орталық «Иманғали» мешіті маңынан автобустар тарауықтан соң «Авангард», «Балықшы», «Привокзальный» ықшамаудандары бағыттары бойынша тегін қызмет көрсетіп жатыр. Бұл туралы Atyrauoil.official парақшасында мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Рамазан – 12 айдың сұлтаны, жылына бір рет келетін қасиетті мереке. Осы айдың құрметіне жамағатқа ыңғайлы болсын деген ниетпен, тегін автобустар қызметін ұйымдастырдық. Атсалысып отырған жолаушы тасымалдаушы компанияларға алғысымыз шексіз», – дейді Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.
Атырау облысы бойынша Тарауық намазына күнделікті 15 мыңнан астам адам қатысып жүр.