07.03.2025, 17:43
Жаңалықтар
Астанада мектеп жанында тыр жалаңаш жүгіріп жүрген ер адам психикалық орталыққа тапсырылды (ВИДЕО)
Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді
Фото: Видеодан скрин
Астанада 7 наурыз күні түс ауа тыр жалаңаш ер адам көшеде жүгіріп жүрген жерінен көзге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалаңаш ер адамды Астананың Тархан көшесіндегі №5 мектеп аумағында өтіп бара жатқандар байқап қалған. Ол мектеп жанынан жүгіріп өтіп, айналасындағы адамдарды, оның ішінде балаларды да қорқытқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны қолға түсірді.
Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерден дәрігерлерге тапсырылды.
«Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жауап берді Астана полиция департаменті.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
