«Бауы берік болсын!»: Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен фотосын жариялады
Жанар Дұғалованың осыдан екі жыл бұрын тұрмысқа шыққаны хабарланған

Танымал әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен фотосын жариялап, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасына желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Бауы берік болсын!», «Жанардың тұрмыс құрғанына да, ана атанғанына да шын қуанғандар қатарынанмын», «Балапанның бауы берік, өмірлі болсын!», «Баласы ма? Ол тұрмысқа шығып па еді?», «Кімнің бөпесі екен?» - деп жазды желі қолданушылары.
Жанар Дұғалованың осыдан екі жыл бұрын тұрмысқа шыққаны хабарланған болатын.
Айта кетерлігі, Жанар Дұғаловамен бірге «КешYOU» тобында өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы сыбыс осыған дейін хабарланған.