Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 6 млн-нан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Қауіпті індеттен 368 490 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 6 035 568 (тәулігіне +125 592) адамға жетті. Бұл туралы Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. 

Қауіпті індеттен 368 490 (+4 571) адам қайтыс болды.

Жазылып шыққандар - 2 663 770 (+79 318) адам.