06.03.2025, 00:18
Жаңалықтар
«Жұлдыз ауруымен ауырып, ішіп кеткенім рас»: актер Еркебұлан Тоқтар ағынан жарылды
Жақында танымал актер сұхбат берді
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar
Еркебұлан Тоқтар өзімен қалай жұмыс істегенін, осындай дәрежеге жету жолын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен кезінде ішетінмін. Сол берекені қашырған, менің ойымша. Мен сол кезде де ақша табатынмын, бірақ соның жемісін көрген жоқпын. Неге, не үшін ішкенімді білмеймін», – деді ол.
Сөз арасында актер 22 жасында университет бітіргеннен кейін бірден шығармашылық жолға түсіп, киноға түсе бастағанын баяндады.
«Жұлдыз ауруы басталды. Киноға түсе бастадым. Салаға етене араласа кеттім. Ондағы адамдардың қандай екенін көрдім, бірақ оларды жамандыққа қиып жатқан жоқпын. Әркімнің өз таңдауы, бірақ еліктегенім рас. Әр жұма, сенбі клубтарға барып, қыдырғанымды жасырмаймын», – деді әртіс.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)