Ол желіде өзі туралы қауесет тарап жатқанын айтты
Әнші Райымбек Бақытгереевтің (лақап аты – Raim) бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанқызына үйлену туралы сөз салған кәсіпкер Жәнібек Ерболатұлы өткен өмірі туралы бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәнібек Ерболатұлы желіде өзі туралы түрлі қауесет тарап жатқанын қозғап өтті.
«Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Не айтқыларыңыз келсе, соны айтыңыздар. Төрелігін Алла береді. Ажырасқаным рас, бірақ ешкім менен зардап шеккен жоқ. Төрт-бес әйел алды деген өтірік енді. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларың мені өсектеймін деп зая кетпесін.
Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Шапалақ бір қолмен соғылмайды. Кінә ылғи да екі жақтан болады. Әркімнің өз айыбы бар, мен ешкімнің айыбын ашпаймын, көріме алып кетемін, себебі ешкімге жаманшылық тілемеймін. Біреулер жалға көлік алып жүр деп жазып жатыр, ол автопрокат өзімдікі!» - деп жазды кәсіпкер.
Күйеу жігіт сөзін жалғай отырып, бұл қауесеттің артында жақсы өмір күтіп тұрғанынан үміттенетінін қозғап өтті.
«Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім де сау сиырдың боғы емес. Әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау кім ажыраспай жатыр? Қайталап айтамын, адам ажырасамын деп үйленбейді.
Барлық осы өсек-хейттің астында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыларыңызға береке берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!» - деп жазды Наргиза Рамазанқызының сүйіктісі.
Айта кетейік, Наргиз Рамазанова әнші Райымбек Бақтыгереевпен бірнеше жыл көңіл жарастырып жүргені хабарланған болатын. Алайда әнші кейін өнердегі әріптесі Ерке Есмаханға үйленіп кетті. Қазір олардың ортақ бір ұлы бар. Ерке Есмахан қазір Райымбектен екінші сәбиін күтіп жүр.
Жуырда Наргиз Рамазановаға сүйіктісі сөз салғаны белгілі болды.