27.12.2024, 21:11
Жаңалықтар
«Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты»: Ерке Есмахан сүйінші жаңалығымен бөлісті
Әнші үшінші баласына жүкті
Фото: instagram.com/erke_esmahan
Белгілі әнші Ерке Есмахан сүйінші жаңалығымен бөлісті. Әнші үшінші баласына жүкті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. «Ерке Сотуар»-дың тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін», - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Раймға тұрмысқа шығып, Ислам есімді ұлды дүниеге әкелген болатын.
Қараша айында ұлының бір жасын атап өтті.
Сондай-ақ, Ерке Есмаханның алғашқы некесінен бір ұлы бар.
Әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары оны сүйінші жаңалығымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды