«Қазақмыс» 8 кен орнын шетелдіктерге сатпақ»: компания мәлімдеме жасады

Автор: Дәуренқызы Алма

«Қазақмыс» кен орындарын сатып жатқан жоқ

Фото: istockphoto.com

Кейбір БАҚ және әлеуметтік желілерде пайдалы қазбалар өндіретін сегіз кен орнын шетелдік инвесторға сату жөнінде келіссөз жүріп жатыр деген ақпарат тараған, компания оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақмыс» корпорациясы шетелдік немесе басқа да инвесторларға қандай да бір кен орындарын сатуға қатысты келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілік жүктейді», – делінген компания хабарламасында. 

Сонымен қатар «Қазақмыс» бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қоғамды тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенуге, сондай-ақ қауесет таратудан аулақ болуға шақырды.