«Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреген»: елорда тұрғындарының оғаш әрекеті камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Полиция ресми түсініктеме берген жоқ

Фото: istockphoto.com

Астананың «Агрогородок» ауданында бәз біреулердің оғаш әрекеті бақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің оқырман жіберген кадрларда жалаңаш ер адамды суық жер үстімен сүйреп бара жатқанын, кейін оның сүйреген адамды қуып жетпек болғанын көруге болады. Бұл көріністі үшінші адам бақылап тұрған, алайда оның оқиғадағы рөлі түсініксіз», – делінген Astanovka98 Telegram-арнасында.

Әзірге полиция ресми түсініктеме берген жоқ.